БҚО-да интернет алаяқтық өршіп тұр

Интернет алаяқтар қаптап кетті. Былтыр Солтүстік Қазақстан облысында 800-ге жуық осындай қылмыс тіркелген.

Сорақысы сол, сайттармен түрлі әлеуметтік желілер арқылы талайды тақырға отырғызатындардың саны жыл санап артып барады. Ал оларды іздеп табу оңай шаруа емес. Өйткені пысықайлардың басым бөлігі өзге елдің азаматтары.

Владислав Локтев төмен бағада жеңілдікпен тауар аламын деп опық жеп қалғандардың бірі. Петропавл қаласының тұрғыны 220 мың теңге тұратын видеокартаны 148 мыңға сатып алмақ болыпты. Төлемнің барлығын аударып жіберген азамат, ақырында айлакердің айласына түсіп қалған.

Владислав Локтев, жәбірленуші:  

- Интернет дүкен Павлодар қаласында орналасқан екен. Менеджерлер ақшаны аударған соң, 4-5 күннің ішінде тауар Петропавлға жеткізілетін айтты. Бірақ уақыт өте келе тапсырысым сол күйі келмеді. Интернет дүкенге кірсем, пысықайлар барлық хабарландыруларын өшіріп тастапты. 

Хат-хабарлама алысып жүрген онлайн дүкеннің байланыс телефоны да қазір өшірулі. Тәртіп сақшылары болса саудаланған тауар қолға тимегенше есеп айырыспау керектігін ескертеді. Себебі техникамен технологияның дамыған замамында алаяқтық түрлері де артып барады.

Қайырбек Жоламан, облыстық ПД Криминалдық полиция басқармасының аға жедел уәкілі:

- Петропавл қаласының тұрғыны өзінің интернет алаяқтарға алданғаны туралы арызбен жүгінді. ҚР ҚК 190 бабының 2 тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол яғни алаяқтық бабы болып есептеледі. Бұл бап бойынша төрт жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Ал статитискаға келетін болсақ, осы жыл басынан бізде 89 факті тіркелді. Осы 89-дың 30-ы осы интернет желісінде сатып алуға байланысты алданған адамдардың саны.

Қазір онлайн саудада тауар аламын деп тақырға отырғандар көп. Мәселен тек өткен жылы Солтүстік Қазақстан облысында осындай 781 қылмыс тіркелген екен. Ал олардың 163-і ғана ашылған.

Пысықайлардың көбі шетелде отырып өз істерін тындыра береді. Ал оларды ұстау оңайға соқпайды. Сондықтан тәртіп сақшылары сайттарға әркез монитроинг жасап тұрады. Былтыр 1430 хабарландыру тексеріліп, оның 300-ге жуығы жалған деп бұғатталды.

Авторлары: Самат Қайырденұлы, Қуаныш Қазбеков