Алғыс айту күніне ұйымдастырылған ұлттық пікірсайыс турнирі аяқталды

Астанада Алғыс айту күніне орай ұйымдастырылған ұлттық пікірсайыс турнирі аяқталды.

Өскелең ұрпақтың азаматтығын қалыптастыруды көздейтін шараға елдің әр аумағынан 120 мыңдай оқушы қатысқан. Сөйтіп, жеңімпаз қай өңір? 

Бүгін оқушылар сарайында екі күнге созылған ұлттық пікірсайыс турнирі өз мәресіне жетті. Турнирдің басты мақсаты оқушылардың әлеуметтік белсенділігін арттыру. Аталған іш-шарада  республика бойынша үздік 120 оқушы финалға өтті.

Алғыс айту күніне арналған ұлттық турнирге 17 облыс және Астана, Алматы, Шымкент қалаларының үздік пікірсайысшылары қатысты. Республика бойынша аталмыш турнирде ұзын саны  120 мыңнан астам оқушы бақ сынады.

Нүркен Дәулет, сарапшы:

- Бұл турнирге барлық облыстан үш командадан қатысады. Олар қазақ  лигасы, орыс лигасы, ағылшын лигасы деп бір-бірден қатысады. Тунирге өту үшін командалар облыстық, аудандық, қалалық этаптарда турнирлер ойнайды.  Турнир жеңімпаздары республикалық этапқа жолдама алады. Жалпы дебаттың мақсаты – осындай ақылды және өз ойын ашық білдіре алатын адамдарды тәрбиелеу.

Ал жүзден жүйрік шығып, финалға өткендер екі күн бойы өзінің сыни ойлау қабілетін және командада жұмыс істеу дағдысын шыңдады. Ақыл жастан демекші, қатысушалар мәдениет, әлеумет және саяси тақырыптарда өз көзқарасын білдірді.  

Айтбаев Алихан, қатысушы:

- Турнир бізге керемет эмоция сыйлады. Жалпы өзім республикалық деңгейдегі сайысқа бірінші рет қатысып тұрмын. Осы үшін ұйымдастырушыларға үлкен рахмет.

Жарыс қорытындысы бойынша қазақ лигасында Батыс Қазақстан облысы 1-орын алды. Ал орыс және ағылшын лигасында Астана мен Ақтөбе  қалалары жеңімпаз атанды. Үздік команда ойыншылары бағалы сыйлықтармен марапатталды. марапатталды.

Ерлан Шаншархан, Серік Қоңырбаев