Алматыда «көбелек» ауруына шалдыққан балаларға бірегей операция жасалды

Нәтижесінде синдактилия жойылды.

Синдактилия латын тілінен аударғанда «біріккен саусақтар» дегенді білдіреді. Дерттің кесірінен науқастың қолы мен аяқ саусақтары бірігіп кетеді. Бұл күрделі операцияны Қазақстанда алғаш рет Санжар Асфендияров атындағы медициналық университетінің «Ақсай» клиникасының хирургтары Санкт-Петербордағы  әріптестерімен бірлесіп жасады. Осы уақытқа дейін науқастарға Ресей клиникаларында ота жасалып келген. Енді біріккен саусақтарды ажырататын күрделі операция біздің елімізде де жасалады. Елде буллёзды эпидермОлиздің түрлі формасымен ауыратын 108 бала тіркелген.

Исамдун Харамов, С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ "АҚСАЙ" РБКА бөлім меңгерушісі:

- Осы операцияны жасап болғаннан кейін балалар біздің осы клиникамызда ары қарай ем алады. Арықарай реабилитациялық ем алады. Бұларға енді айтып кету керек, тек ортопедиялық көмек керек емес, бұл балаларға психологиялық көмек керек. Саусақтарды ашып болғаннан кейін біз саусақтарды ашу, жабу деген қасық ұстау деген нәтижелерді өзіміз осы жерде үйретуге дайынбыз.