Журналистерге шабуыл жасаушы кінәсін мойындады

Журналистерге шабуыл ұйымдастыру дерегі бойынша ұсталған Токарев өз кінәсін мойындады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол тергеу ісіне көмектесуге келісті. Сондай-ақ шабуыл жасауға бірқатар шетел азаматының қатысы бары белгілі болды. Токаревтің Литвинов, Шаповалов, Демченко және Малышок деген сыбайластары анықталды. Тергеушілердің мәлімдеуінше, БАҚ өкілдеріне қастандық әзірлегендер ашық дерек көздерден мәлімет жинаған. Мемлекеттік ақпараттық деректерге рұқсаты бар тұлғаларды іздестірген. Артынша сайттарға хакерлік шабуыл жасаған.

Альбина Махамбетова, ҚР ІІМ Имидждік жұмыс және ішкі коммуникациялар департаментінің бастығы:

- Қазіргі таңда Бас прокуратурамен бірге Токаревтің сыбайластарын халықаралық іздеуге жариялау мәселесі пысықталып жатыр. Бастамашылдарды анықтау бойынша жұмыстар жалғасып жатыр, нәтижелері қосымша хабарланатын болады.