«Тикетон» компаниясы мәдениет, өнер, спорт салаларына арналған байқау жариялады

Жылдағы дәстүр бойынша мәдениет пен өнер және спорт саласындағы үздіктерді анықтау үшін «Тикетон» компаниясы байқау жариялады. Биылғы шараның ерекшелігі номинациялар саны арта түсті. Яғни, осы жолы театр және кино, опера және балет сондай-ақ эстрада жанры қосылып, барлығы 32 аталым бойынша жеңімпаздар анықталады. Осымен 6-шы рет ұйымдастырылып отырған шараға 300-ден астам үміткер тіркелген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өткен жыл мәдени шараларға толы болды. Сондықтан болар пандемияға дейінгі жылдармен салыстырғанда «Тикетон» компаниясының айналымы 2,5 есеге өскен. Бұл халықтың мәдени шараларға деген қызығушылығының арта түскенін аңғартады. Биылғы номинациялар санының көбеюуі де осыған байланысты, - дейді ұйымдастырушылар.

Виктория Торгунакова, Тикетон компаниясының бас директоры:

- Иә, биыл номинациялар саны 22-ден 32-ге жетіп отыр және үміткерлердің саны артып 300-ден асты. Биылғы байқаудың тағы бір ерешелігі, біз «экобелсенді» номинациясын да қосып отырмыз.

Дауыс беру компанияның онлайн платформасында 1 апта бұрын ғана басталса да аз уақыттың ішінде 50 мыңнан астам адам өз таңдауын жасап үлгерген. Дауыс беру 7 наурызға дейін жалғасады. Тикетон сыйлығының жеңімпаздары биыл көктемде Алматыда өтетін ресми шарада марапатталады.

Виктория Торгунакова, Тикетон компаниясының бас директоры:

- Кез-келген дауыс беруші біздің сайтқа кіріп, өз таңдауын жасай алады. Бәрі ашық, әділ әрі таза болу үшін әлеуметтік желіге тіркеліп, немесе өзіңіздің ұялы телефоныңыз арқылы дауыс бере аласыз. Біздің басты ұстаным – осы. Қызметкерлеріміздің дауыс беру нәтижелеріне ешқандай әсері болмайды. Өз ісінің нағыз мықтылары тиісті номинацияларын алу үшін барлық бақылау жұмыстарын назарда ұстаймыз.

Соңғы 10 жылда Тикетон онлайн жүйесі арқылы 11 миллионнан астам билет сатып, пайдаланушылардың 2 370 000 сағат уақытын үнемдеген. Сондықтан да қазір халық кассаларға барып уақыт жоғалтқысы келмейді.

Авторлары: Жандос Айтбайұлы, Кенже Амраев.