Маңғыстау тұрғыны тыңайтқыштың жаңа түрін ойлап тапты

Маңғыстау облысында ауыл тұрғыны органикалық тыңайтқыштың жаңа түрін ойлап тапты.

Экоөнім мал тезегі, минералдар мен көкөніс қалдықтарынан жасалған. Бастысы егістік пен жылыжайды суаруға жұмсалатын тіршілік нәрін 40 процентке дейін үнемдеуге мүмкіндік береді, дейді жоба авторы. Өйткені ылғалды жақсы сақтайды. Өңірде жаз мезгілінде тіршілік нәріне тапшылық қатты сезіледі. Осы ретте тың жоба аймақты көгалдандыруға сеп болады деген үміт бар. Тың жобаны қолға алған кәсіпкер мемлекеттік қолдаудың арқасында бизнесін кеңейтті.

Гүлмира Құрманиязова, жоба авторы:

-Болашақта жоспарымызда бар, осы ауыл жастарын. Олар ауылшаруашылығымен айналысқысы келеді. Бірақ жолдарын білмейтін адамдар осы жерде тәжірибеден өтсе екен ниетіміз бар.