Өскеменнің көшелерін су басып жатыр

Еріген қар суына толассыз жауған жаңбыр қосылып  жол үстіне жиналып қалған.

Коммуналдық қызмет кешеден бері тәуліктік режімде жұмыс істеуде. 50 адам, 8 техника, 20 мотопомпо жұмылдырылды. Әсіресе Красин, Бажов, көшелері мен Согра,Аблакетка,Защита ықшам аудандарында қарбалас.Коммуналдық кәсіпорын өкілдерінің айтуынша шаһарда барлық суғаралар жұмыс істеп тұр. Қала ішіндегі арықтар да тазартылған. Дегенмен, биыл қардың көп түсуі мен оның үстіне жауын-шашынның жиі болуы жағдайды осылай ушықтырып жатыр. Мамандар қала ішін аралап,  су жайылған көшелер қатарын әлі де анықтайды. Сонымен қатар тұрғындар үшін жедел желі де іске қосылды.

Айбек Қасайынов, "Таза Өскемен" МКК участок бастығы:

- Үйге кіретіндей ондай су болған жоқ, көбінесе осы  судың бәрі көшелерде. Диспетчер 24 сағат бойы жұмыс істеуде. Тұрғындар 24 сағат бойы байланысатын болады. Байланысқан жағдайда өзімізден көлік пен мастерлерімізді жібереміз.