Биыл Жамбыл облысында егістік көлемі 15 мың гектарға дейін ұлғайды

Байзақ пен Жамбыл ауданының шаруалары көктемгі дала жұмыстарын бастап кетті. Шаруалар мемлекеттен бөлінетін жеңілдетілген дизельді алып, жер жыртып, дақыл сеуіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аймақта алғашқылардың бірі болып егістік жұмыстарына ерте қамданғандардың бірі – осы өндірістік кооперативті. Серіктестік мүшелері егін шаруашылығымен 30 жылдан бері айналысып келеді. Еншісінде 2000 гектар жер бар. Кооператив биыл 1000 гектарға арпа мен бидай, тағы 200 гектар жерге қант қызылшасын еккелі отыр. Одан өзге бақша өнімдері бар.

Нұриддин Бекманов, кооператив төрағасы:

- Тыңайтқыштарға 50%-тік көмек алып жатырмыз. Мына биылғы жылы жанар жағармайдың өзі бізге жақсы көмек болып тұр. 40 тоннаға тапсырыс беріп қойдық. 40 тонна алып, ақшасы төленіп, қазір 204 теңгеден төлеп бердік. Соны, міне, көктемгі дала жұмыстарына пайдаланып жатырмыз.

Жалпы, өңірге 15 500 тонна жеңілдетілген дизель мен 54 мың тонна минералды тыңайтқыш бөлінген. Мемлекеттік көмек ерте көктемде дала жұмыстарына кіріскен шаруаларға беріліп жатыр. Өңірде жаңбырлатып суару технологиясы енгізіліп жатыр.

Нұрби Жігітеков, облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:

- Су үнемдеу технологияларын айтатын болсақ, биыл 2023 жылы 57 мың гектарға ұлғайып жатыр. Былтыр 50 мың 900 еді. Жалпы, енді былтыр облыстық бюджеттен бөлінген 717 млн теңге осы су үнемдеу технологияларының техникасын алуға бөлінді. Қазіргі таңда шаруашылықтармен техника сатып алынды.

Биыл облыста 770 мың гектардан аса алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдары егіледі. Бұл бұл өткен жылмен салыстырғанда 15 мың гектарға артық. Сонымен қатар аймақта қант қызылшасының аумағы да екі есеге артпақ.

Авторлары: Мерей Бает Тимур Сейілхан Руслан Ахатіллә.