Үкімет басшысы журналист қыз-келіншектерді құттықтады

Үкімет отырысы алында Премьер-министр журналист қыз-келіншектерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады.

Әлихан Смайылов қалам ұстаған бұрымдылардың кәсіби қызметін жоғары бағалап, тілшілерге жылы лебізін білдірді. Әрі журналистердің Қазақстанның дамуына зор үлес қосып жүргенін атап өтті. Үкімет басшысы барлық әйелдер қауымына денсаулық, амандық және бақыт тіледі.