Таразда «тегін такси» қайырымдылық акциясы өтіп жатыр

Таразда Халықаралық әйелдер мерекесіне орай «тегін такси» қайырымдылық акциясы өтіп жатыр.

2 күнге жоспарланған ізгі шараны жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған. 10-нан аса көлік шаһардың әр бөлігіне бағыт алып, аялдамаларда тұрған әйел кісілерді көлікке мінгізіп, діттеген жеріне жеткізеді. Көктемгі мерекеде көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған еріктілерге, аналардың айтар алғысы шексіз.

Айта кетекен жөн, шаһарда 400 мыңнан аса халық тұрса, оның 52 проценті әйел. Ал өңірдегі 43 мыңнан аса көпбалалы ананың 5 мыңға жуығы «Алтын алқа» иегері.

Гүлсім Сұраубаева, қала тұрғыны:

- Өте қуаныштымын. Рақмет сіздерге. Сәтті пайдаланып бар әйелдерді, аналарды, әпке-сіңілдерімді мейраммен құттықтаймын.

Абзал Есіркепов, "Жастар ресурстық орталығы" КММ директоры:

- Ешқандай қаржы қарастырылмаған. Қала жастарына еріктілеріне біз осындай ұсыныс тастаған кезде, олар өздері де қуана осы акцияға қатысуға бел буып отыр. Бұл акция тек қана 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында ғана емес, алдағы уақытта мерекелерде де ұйымдастыру біздің жоспарымызда бар.