ШҚО-да қойдан ауру шықты

Шығыс Қазақстан облысы Қатон-Қарағай ауданында​ ұсақ малдан «қой шешегі» шықты.

Әзірге бұл кесел Жаңа үлгі, Аққайнар, Шыңғыстай ауылынан жалпы 200 бас қойға тиіпті. Аталған ауру әсіресе биязы жүнді қой үшін аса қауіпті деп саналады, алайда басқа мал түріне және адамға жұқпайтын көрінеді. Мамандардың айтуынша шешек тиген қойдың үсті бөртпеге толып, жара басып кетеді.​ Мал ауырып жатқан ауылдар​ жақында карантинге жабылады,ол үшін тиісті құжаттар​ рәсімделді, дейді ветеринарлар. Сол маңдағы мал басына толық екпе салынады. Сонымен қатар залалсыздандыру жұмыстары да жүргізіледі. Яғни клиникалық белгілері әбден​ жойылғанша сақтық шарасы​ күшейтіледі. Қазір індет ошағы анықталып жатыр.

Рақымғали Байгереев ШҚО "Қатон-Қарағай-вет" КМК директоры:

-​ ​Қой шешегі дейтін ауруды сұрастырып білдік, жалпы осы өңірлерде соңғы​ елу - алпыс жыл ішінде қой шешегі болмаған екен. Былай облыста та болмаған сияқты. Бірақ та​ тұрғындардың кейбірінен сұрастырып жүрсек, Алматы облысынан кейбір ауылдың тұрғындары аталық қошқар алып келген сияқты. дәл сол аулалардан бастап сол жаңағы шешек ауыруы шыға бастаған.