Талдықорғандық есепші бюджет ақшасын құмар ойынға салып жіберген

Бюджеттің 109 млн теңге қаржысын құмар ойынға салған талдықорғандық есепші 5 жылға сотталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қалалық сот көпсалалы балалар ауруханасы есепшісінің кінәсін толықтай мойындағанын  және кәмелетке толмаған баласы бар екенін ескеріп, осындай жаза тағайындады. Ол өзіне кесілген мерзімді қылмыстық-атқару жүйесінің қауіптілігі орташа деңгейдегі тәртіппен түзеу мекемесінде өтейтін болады. Сотпен жаза тағайындау барысында құмар ойынға есі кеткен есепшінің 109 млн теңге көлеміндегі бюджет қаржысының бір бөлігін мемлекетке қайтарғаны да ескерілді. Сондай-ақ ол жергілікті өзін өзі басқару органдарына жұмысқа тұру, мемлекеттік қызметтерді атқару құқынан да айырылды. Бұл туралы Талдықорған қалалық сотының баспасөз қызметі мәлімдеді.