«Аңсаған сәби»: Квота саны артты

Бала сүю бақытынан айрылғандар көбейіп барады. 2021 жылы бедеулік диагнозымен есепке қойылған қазақстандықтардың саны 22 процентке артқан.

Медициналық орталықтарда бедеулікке шалдыққан 20 мыңға жуық әйел тіркелген. Тағы бір жарым мың ерлі - зайыпты ер адамның белсіздігіне байланысты ата-ана бола алмаған. Репродуктивті медицина қауымдастығының мәліметі бойынша, қазақстандық отбасылар арасында бедеулік 16 процент шамасында. Бұл әрбір алтыншы отбасы балалы бола ламайды деген сөз. Соңғы екі жылда денсаулық сақтау министрлігі жасанды жолмен ұрықтандыруға берілетін квоталар санын едәуір арттырды. Өткен жылы оған 6 жарым мыңға жуық отбасы іліккен.