Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай күрделене түсті

Жыл басынан бері жұқпалы вирустық ауруды жұқтырды деген күдікпен 56 жағдай тіркелді. Оның 20-сы зертханалық түрде расталды, қалғандары әлі тексеріліп жатыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі хабарлады.

Айжан Есмағамбетованың айтуынша, қазір Алматы, Жетісу және Қарағанды облыстары жоғары және орташа қауіп аймағында. Сондай-ақ ол бүкіл әлемде аурудың өршіп тұрғанын атап өтті. Бұған балалар арасында вакциналау қарқынынының төмендеуі себеп, - дейді мамандар.

Айжан Есмағамбетова, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі:

- Егер қызылшамен ауыратын науқаспен 10 адам байланыста болса және  олар вакцинацина алмағат азаматтар болса, онда бәрі ауру жұқтырады. Қызылша кезінде асқынулар көп болады. Олар отит, пневмония және одан да күрделі энцефалит,панэнцефалит, мидың қабынуы сынды сырқаттар.