Қарағандыда өрт тиген ағаштар кесіліп жатыр

Тездетіп тамырымен қоса алып тастамаса, өзге талдарға да құрт түседі, - дейді мамандар.

Былтыр жазда қала іргесіндегі 70 гектар алқаптағы қалың тоғай өртеніп кеткен еді. Жайқалып тұрған қарағай, қарағаштан түк қалмаған. Мемлекетке шамамен 11 млн теңге шығын келді. Жұмыскерлер әзірге 2 гектар жерді аршып, 120 текше метр ағаш шығарды. Оның барлығын кәдеге жаратады. Тақтай тіледі, бағана жасайды. Алқап әбден тазартылған соң жасыл көшеттер егіледі.

Дулат Жұмабек, Орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі Қарағанды шаруашылығының бас орманшысы:

- Биыл мына ағаштарды кесіп тазартамыз, тамырынан тазартамыз. Содан кейін 2 рет жыртылады. Топырақты өңдейміз 2 жыл қатарынан. Сосын 2026 жылы қарағай ағаштарын егеміз. Өзіміздің Новодолинка жерінде тұқымбақ бар. Сол жерден 2 жылдық қарағайды егеміз.