БҚО-да 232 адам қауіпсіз жерге көшірілді

БҚО-да 232 адам қауіпсіз жерге көшірілді.

Талғат Серікқалиұлы, тілші:

- Әзірге тасқын қауіпі сейілмей тұр. Мәселен, қала іргесіндегі Деркөл өзенінің деңгейі нормадан асып, Маштаков ауылындағы 70 шақты үйдің тұрғындары қауіпсіз аумаққа көшірілді. Тасқынға тойтарыс беруге мыңға тарта адам жұмылдырылды. Көршілес Атырау мен Маңғыстау облыстарының құтқарушылары да қолқабыс беріп жатыр. Ал біз қазір Бөрлі ауданына қарасты Аралтал ауылында тұрмыз.

Аралтал ауылында төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкері Қайрат Жұмағалиев ауданға қарасты Аралтал, Пугачев, Кеңтүбек пен су басқан өзге де ауылдардағы жағдайды баяндап берді.

Талғат Серікқалиұлы, тілші:

- Осыған дейін облыс орталығы мен Шыңғырлау, Бөрлі және Бәйтерек аудандарында төтенше жағдай жарияланған болатын. Қазір су басу қаупі бар ауылдар мен өзен-көлдердің жағдайын құтқарушылар тәулік бойы назарда ұстап отыр.