Павлодар облысында көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық рет-ретімен жүріп жатыр

Су басуы ықтимал 43 ауылдан қар шығарылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл елді мекендерде 2 мыңнан астам жер үй орналасқан.

Ақтоғай ауданы Шолақсор ауылының маңындағы Сілеті өзенінде мұз жару жұмыстары жүргізілді. Таcқынға қарсы шараларға 1 млрд теңгеден астам қаражат қарастырылған. Жеке құрамның мың адамы да әзірліктерін пысықтап қойды.

Айжас Сабыржан, облыстық ТЖД Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының аға инженері:

- Қыс мезгілінен бастап бізде жалпы облыс бойынша 1 млн текше метрден артық қар шығарылған. Сонымен қатар бізде «Қазақстан ғарыш сапарымен» ғарыштан бейнебақылау жасалды және Ертіс өзенінде мұз кептелісі болмас үшін жарылыс жұмыстарын жүргузі үшін 7 ниет білдіру шарттары жасалды.