Елімізде IT технологиямен табыс тауып жүрген компаниялардың жартысы қазақ тілді

Елде ақпараттық технологияны пайдаланып, қомақты табыс тауып жүрген компаниялардың жартысы қазақ тілді.

Бұл туралы бүгін Астанада өткен «ІТ Арена-2023» конференциясында айтылды. Салаға  қатысты бірнеше мәселені қозғаған баяндамалар жасалды. Мамандар «ІТ-жобалар», «Кибершабуылдар туралы не білеміз», «Білім мен ақпараттық индустрияның даму проблемасы» деген тақырыптар бойынша пікір алмасты. Қазақстан ІТ-индустрияның  даму қарқыны жағынан көп елдерден озық тұр. Әсіресе біздің мамандардың білім және қаржы саласындағы технологиялық жобалары әлемде зор сұранысқа ие.     

Садық Шерімбек, «QALAN.KZ» халықаралық платформасының бас кеңесшісі:

- Біздің өзіміздің компаниялардың ондаған жобаларымыз бар. Оның барлығы да қазақ тіліндегі жобалар. Және олар өздерінің аудиториясын нақты, былайша айтқанда тауып отырған жобалар. Мысалға соңғы үш жылдағы білім саласындағы қазақ тілді жобаларды алатын болсақ, шетелге экспорттауға дайын тұр.