Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамы! LIVE

Елордалықтар әз-Наурыз мейрамын бар сән салтанатымен тойлауға кірісіп кетті.

Астананың бірқатар алаңдарында мерекелік концерттер мен көптеген іс-шаралар ұйымдастырылған. Сондай-ақ, қазақ күресі, арқан тарту және гір көтеру сынды спорттық сайыстарда ұйымдастырылмақ. Бұдан бөлек бауырсақ пен Наурыз көжеден де дәм тата алады.