Өскемендіктер бүгін бас алаңда 20 мың бауырсақ пісірді

Өскемендіктер бүгін бас алаңда 20 мың бауырсақ пісірді.

"Бауырсақ пати" жұрттың да көңілінен шықты. Бәрі де дәм татып, аспазадарды мақтап жатыр. "Жана ана" қоғамдық ұйымындағы көпбалалы аналарда мейрамға 600 литр наурыз көже, 4 мың дана бауырсақ әзірлепті.Бұдан бөлек  сегіз  қанат үйді ұлттық қолөнер көрмесіне айналдырып, қонақтарға өрмек тоқуды үйретті. Соңынан сәбидің тұсау кесу рәсімін көрсетті. Өйткені Наурыз тек мол дастархан, ән мен жыр ғана емес, нағыз тәрбие көзі, дейді ақжаулықты аналар.

Гүлжамал Бершімбекова, Өскемен қаласы "Жан ана" қоғамдық бірлестігінің төрайымы:

- Көрме жасадық, осы көрме ішінде жасалған заттардың барлығы біздің көпбалалы аналарымыздың қолынан шыққан дүниелер. Бізде тек насихаттау көрсету, үлгі өнеге болу.