Ертең Рамазан айы басталады

Ертең Рамазан айы басталады. Осыған байланысты мешіттерде алғашқы тарауық намазы оқыла бастады.

Құптаннан кейін келетін бұл намаз мұсылмандар үшін сүннет болып саналады. Ол Ислам әлемі асыға күткен қасиетті айдың барлық күнінде оқылады. Дін өкілдерінің айтуынша, тарауықты жамағатпен өткізудің сауабы зор.

Айта кетейік, Астанада 1 ай бойы тарауық намазынан кейін бірқатар бағытта тегін автобус қатынайды. Бұл елордалық тұрғындар мінәжаттан кейін үйлеріне ерте оралуы үшін жасалған амал.