СҚО-да тасқынға байланысты штаб құрылды

Ал Солтүстік Қазақстан облысында ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өңірде демалыс күндері күн күрт жылуы мүмкін. Синоптиктердің болжауы бойынша, сынап бағанасы +10 градусқа дейін көтеріледі. Осыған байланысты төтенше жағдайлар қызметі қардың ерінен су басуы мүмкін елді мекендерді бақылауға алды.

Қазір Петропавл маңындағы Тепличное ауылында бөгетті нығайту жұмыстары басталып кетті. Мамандар тасқынның алдын алу үшін 13 мың қап материал дайындап қойды.

Жалпы, осы Солтүстік Қазақстан облысында 85 ауылдың тұсында су жүреді. Сондықтан бақылау күшейтілді.

Ахметхан Тобылбаев, Қызылжар ауданы әкімдігінің бас инспекторы:

- Тепличное ауылы бойынша 300 үй су басу аумағында тұр. Жағдай толық бақылауда. Көктемгі тасқынның алдын алуға байланысты штаб құрылған. Мамандар күні-түні кезекшілік етеді. Аудан бойынша 300-ге жуық техника дайын.