Павлодарда шақалақтың жүрегіне операция жасады

Павлодарда салмағы бір келіге жетпейтін шақалақтың жүрегіне операция жасалды.

Жаңа туған бала перинаталдық орталықта 660 граммдық салмақпен дүниеге келді. Туа салысымен нәрестенің жүрегінен ақау анықталып, бала өздігінен дем ала алмаған. Дәрігерлер консервативті ем-дом шаралары нәтиже бермегендіктен, шұғыл түрде операция жасау туралы шешім қабылдады. Қазіргі уақытта кішкентай науқастың жағдайы тұрақты.

Қарлығаш Раисова, облыстық перинаталдық орталығының дәрігері:

- Ашық артериозды түтікке «клипирование» дейді, клипса салынып, жаңағы қантамырды жапты. Қантамыр баланың өздігінен тыныс алуға, қан айналымына кедергі жасайды. Сондықтан, баланы аппараттан тез шешіп, осы ақау баланың әрі қарай салмақ қосуына, оттегіден ажырау үшін түтіктің көлемі кішкентай немесе жабық болуы керек. Бұл баланың түтігінің көлемі үлкен болғандықтан, осындай шешімге келіп операция жасады.