Мемлекеттік басқару академиясына құжат қабылдау басталды

Биыл Мемлекеттік қызметшілерді даярлау барысына, бірқатар өзгеріс енгізілді.

Атап айтқанда, Президент жанындағы мемлекеттік басқару Академиясында «Халықаралық қатынастар» бағдарламасы бойынша оқу мерзімі 1 жылдан 2 жылға дейін ұзартылды. Бұл болашақ кадрлардың машығы мен, тілдік даярлығын күшейту үшін қажет. Докторантура бағдарламасы үшін, жұмыс өтілі бойынша талап 3 жылдан 5 жылға дейін ұлғайтылды. Сондай-ақ, биылдан бастап мОдульдік оқыту бойынша магистратураны мемлекеттік қызметші емес тұлғалар, яғни, квази-мемлекеттік және жеке сектор өкілдері оқи алады. Биыл Мемлекеттік қызметшілерді даярлауға магистратура бойынша 120, докторантура бойынша 12 грант бөлінді. Үміткерлерден құжат қабылдау 29 маусымға дейін жалғасады. Академия ректоры Ерлан Әбіл елімізде мемлекеттік қызметшілерді даярлауға қатысты заңнамалық өзгерістер жайында мағлұмат берді.

Ерлан Әбіл, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының ректоры:

- Осы жылдың бірнеше өзгешеліктері бар. Біріншгі өзгешелік алдыңғы жылдары біз мем қызметшілерден меморгандардың тарапынан жолдаманы талап ететінбіз, ол жолдаманы біз барлық конкустық кезеңдер өткеннен кейін талап ететінбіз. Осы жылы біз енді құжат таапсырған кезінде бұл жолдама болуы тиіс. Академияның түлегі белгілі бір деңгейден жоғары көрсеткішті көрсеткен уақытта ол конкурссыз жергілікті мем органдапрға тағайындала алады. Бұл біздің академияға деген сенім.