Жезқазғанда қоғамдық көліктер электронды төлем түріне ауысты

Жезқазғанда қалаішілік қоғамдық көліктер төлем қабылдаудың электронды түріне ауыса бастады.

Жол жүру ақысын енді картамен немесе смс-код арқылы төлеуге болады. Бұл жаңашылдықтар былтыр автобус паркін жаңғырту нәтижесінде мүмкін болды. Төлем жасау түрі өзгергенімен жолақы бұрынғы қалпында. Мамандар қоғамдық көліктерді цифрландыру арқылы қаладағы жолаушылар нөпірін анықтауды мақсат етіп отыр. Өйткені облыс орталығында  автобус маршруттарына қатысты ара-гідік сын айтылады. Қоғамдық көліктердің қозғалысын бақылайтын қосымша да пайдалануға берілді. Іске қосылған алғашқы күннен жоба жолаушылар тарапынан оң бағасын алды. Болашақта Сәтбаев және Қаражал қалаларындағы қоғамдық көліктер де осындай жұмыс тәсіліне көшіріледі.

Малика Тұрсын, қала тұрғыны:

- Менің ойымша автобус ақысын интернет арқылы төлеу өте үлкен плюс деп ойлаймын. Қазір бәрі ыңғайлы. Төлегеннен соң водительге көрсете саласыз.