Маңғыстау өңірінде арқар төлдеді

Маңғыстау өңірінде арқар төлдеп жатыр.

Қазір табиғат инспекторлары қорғауды күшейтті. Өйткені осы кезеңде түз тағысы әлсіз келеді. «Қызылсай» мемлекеттік өңірлік паркінің аумағы 175 мың гектардан асса, ондағы арқар саны 1400-дей. Одан бөлек 80-нен аса қарақұйрық бар. Ал Қазақстанның қызыл кітабына енген арқар саны кейінгі екі жылда 47 процентке көбейген.

Мыңберген Қаратауов, "Қызылсай" мемлекеттік өңірлік табиғи паркі" КММ директоры:

- Көктем кезінде барлық жан-жануарлардың төлдейтін уақыты және құстардың ұялайтын уақыты. Бұл кезең қорғансыз кезең болып есептеледі. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда машиналардың жүруіне немесе дрон ұшыруға қатаң тыйым салынады.