Ақтөбеде мемлекеттік тілді үйренушілер көбейді

Ақтөбеде қазақ тілін үйренгісі келетін азаматтардың қатары көбейген. Тек жыл басынан бергі 4 ай ішінде мыңнан астам адам тегін курстардан өтті.

Олардың ішінде түрлі мемлекеттік мекеме өкілдерінен өзге, қызмет көрсету саласы мамандары мен жастардың үлесі басым. Ақтөбеден өзге, Мәртөк, Хромтау және Қарғалы аудандарында да курсқа қатысушылардың саны өсіп отыр. Бұдан өзге, облысқа жұмыс бабымен келген шетелдіктер тарапынан да қызығушылық артқан. Мемлекеттік тіл үйренушілердің көбейе түсуіне орай, бүгінде қала бойынша қосымша бірнеше оқыту орталығы пайда болды. Ондай ұйымдарды тиісті басқарма жанындағы орталық мамандары арнайы оқу-әдістемелік құралдармен де қамтып келеді.

Клара Серғазина  облыстық Тілдерді дамыту басқармасы орталығының директоры:

- Жеке кәсіпкерлер, үй шаруасындағы адамдар, студенттер мысалыға. Біздің тыңдаушыларымыздың жартысына жуығы 40-45 пайызы - ол өзге ұлт өкілдері. Яғни, басқа мектепті бітірген, үйренуіміз керек деген өзге ұлт өкілдері.