Шымкентте жүк көліктері жолды тоздырып жатыр

Шымкентте шамадан тыс жүк тиеген ауыр техникалар жолдарды тоздырып жатыр. Сала мамандарының айтуынша, шаһарда 30 шақырым трассаға зақым келген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әсіресе «Алматы» аталып кеткен А2 жолының сау-тамтығы қалмаған. Ойықтарды жамау жұмыстарынан пайда жоқ. Жолды қалпына келтіріп болғанша қайтадан шұрық-тесікке айналады. Трасса бойымен күніне ондаған ауыр техника өтеді. Биыл мамандар артық мөлшерде тауар тиеген 30 көлікті тоқтатып, жүргізушілерге айыппұл салған.

Нұрсұлтан Жамашев, Көліктік бақылау инспекциясы бастығының орынбасары:

- Біреуі 5 тонна болды, біреуі 10 тоннадан артық тасыған. Жыл басынан бері 20 млн теңгеге жуық айыппұл салынды. Әкімшілік-құқықбұзушылық талаптары бойынша Жүкті артқан мекеменің жауапкершілігі де қаралады.