Астанадағы ақылы автотұрақ комиссия назарына ілікті

Астанадағы ақылы автотұрақ Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның назарына ілікті.

Үкімет басшысының төрағалығымен өткен жиында елорда әкімдігі мен "Астана автотұрақ кеңістігі" компаниясы арасындағы келісім-шарт қаралды. Тараптар 2018 жылы келісім жасасқан. Комиссия отырысында тиісті мемлекеттік органдарға аталған келісім-шартты заңнама бойынша тексеріп, монополияға қарсы талдау жасау тапсырылды. Жиында энергетика саласындағы жеке нысандарды мемлекет меншігіне қайтару және қатты пайдалы қазбаларды барлауға лицензия беру мәселесі қаралды. Комиссия отырысына орталық мемлекеттік органдар мен құқық қорғау, күштік құрылым өкілдері қатысты.