Атырау облысында мәдениет үйінің меңгерушісі сотталды

Атырау облысында жұбайы мен қызына 1 млн теңгеден астам ақшаны заңсыз аударған мәдениет үйінің меңгерушісі сотталды.

Жылыой ауданы Қосшағыл ауылдық мәдениет үйін басқарған ол қызметтік өкілетін пайдаланып, ойын іске асырған. Күдікті туысқандарын қағаз жүзінде жұмысқа алып, олардың жалақысын өз пайдасына жаратқан. Еңбекақы төлеуге бөлінген 1 млн теңгеден астам қаражатты иемденген. Жылыой аудандық сотының үкімімен ол 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Соталуышының кәмелекте толмаған баласының бар екені ескеріліп, жазаны өтеу мерзімі 5 жылға кейінге шегерілді.

Жәнібек Қаражанов, Атырау облысы бойынша СЖҚІҚД басқарма басшысы:

- Департаменттің тергеу қызметімен анықталғанындай, аталған лауазымды тұлға 2020-22 жылдары аралығында өзі басшылық ететін мекемеде жұбайы мен қызын техникалық персонал ретінде жұмысқа кіргізіп, яғни формально түрде кіргізіп, алайда ал адамдар жұмысқа келмесед е, ол кісілердің жаалқыларын алып отырған. Қазіргі уақытта  аталған қылмыстық іс бойынша сот үкімі шықты.