Жетісу облысында су қоймаларының құрылысы қайта жанданды

Жетісу облысының Басши ауылындағы «Енкөл» және «Аралтөбе» су қоймаларының құрылысы қайта жанданды.

Күрделі жөндеу жұмыстары алты жыл бұрын басталып, орта жолда аяқсыз қалған еді. Соның салдарынан екі ауылдың халқы суармалы судан қағылды. Күнкөріс көзінен айрылған жұрттың жанайқайын біздің арна тілшілері бірнеше рет көрсетті.

Нәтижесінде сең қозғалып,  сағызша созылған құрылыс жұмыстарын жаңа мердігер мекеме қолға алды.

Су қоймасының құрылысы тоқтап қалғанын мәселе етіп көтергендердің бірі Мұхит Сәрсенов. Ауыл тұрғындарынан жасақталған қоғамдастық төрағасы қазір де істің басы қасында жүр. 

Мұхит Сәрсенов, ауыл тұрғыны:

- Мына компанияның дұрыс жұмыс жасауына Басши ауылдық қоғамдастық бірлестігі көп ат салысып жатыр. Күндіз түні жүгіріп, осыларға қолғабыс етіп, контроль жасап әрбір қазған жерін тексеріп жатыр.

«Енкөл» су қоймасына 1 млн 200 мың текше метр су жиналады. 2016 жылы нысан күрделі жөндеуден өтеді», - деп тіршілік нәрі толықтай ағызылған. Сол кезде шаруалар түнделетіп болса да бұлақ суын жинатқызып егістік алқабын суарып алатын. Ал құрылыс басталғалы дихандар дәнді-дақыл екпек түгіл қара жерге соқа салмады. Соның салдарынан ауыл тұрғындары негізігі күнкөрісінен қағылып, тұрмысы тұралады. Құрылыстың қайта жандануымен ауылдағы ағайынның ертеңгі күнге деген үміт оты оянды. 

Керімбай Несіпбеков, ауыл тұрғыны:

- Су болса нәр болса бәрі болады деп су болса бәрі болады. Жүгері егеміз, жоңғышқа егеміз. Көк  шөп егеміз. Қауын, дарбыз, картошка егеміз.

Жеңіс Үркімбаев, ауыл тұрғыны:

- Осы жылдың аяғына дейін сапалы жасап берсе біздің сұрауымыз да бар тілеуіміз де осы.

Құрылысы сағызша созылған нысан жаздың соңына дейін пайдалануға берілмек. Қоймаға су жиналса келесі жылдан бастап ауылдық округтегі 2600 гектар жер айналымға енеді. Сәйкесінше дәнді-дақыл еккен еңбекқор елдің еңсесі де тіктеледі. Қазірдің өзінде ауыл тұрғындары мердігер мекемеге барып жұмыс істеп жатыр. 

Бақыт Иманбеков, Басши ауылдық округінің әкімі:

-. Ауылдан алты адам алды. Енді Толағай 942 млнның 130 млнын аванс алып жұмыс істеп жатыр қазіргі кезде. МК 2 дейді жер асты құбырын салуы 4 шақырым 900 метр. Ар жағында МК 1 деген латок бар. Ол жерде де 4 шақырым жасап бітіреді.

Ауыл шаруашылығы басқармасы мен жергілікті әкімдік ауданда суару жүйелеріне жауапты мекеме құрмақ. Сонымен қатар арық-атыздар мен тоғандарды жөндеуді көздеп отыр. 

Бақтияр Қалбатырұлы, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:

- Кербұлақ ауданында тоғандар бар. Жаманбұлақ Талдыбұлақ Матай, соларға құрылыс басқармасы арқылы қаражат бөлінген. Сонымен қатар Үйеңкөл, Аралтөбе су қоймаларын күрделі жөндеу аяқталғаннан кейін биыл 135 шаршы км су жүйелерін реконструкциялауға қаражат бөлінді. Барлық жобалар жүзеге асырылған кезде 9 мың гектар жер айналымға енеді.

Жетісу облысындағы суару жүйелерінің ұзындығы жеті мың шақырымнан асады. Саладағылар ирригациялық желілерді кезең-кезеңмен жаңартып, қалыпқа келтіруді жоспарлап отыр. Жұмыс ойдағыдай орындалса өңірдегі 500 мың гектардан асатын егістік алқап 30 мың гектар ұлғаяды.

Авторлары: Шыңғыс Қалиден, Қуаныш Түргенбаев