Алматы облысында қар барысы табылды

Алматы облысы, Райымбек ауданында қар барысы табылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының хабарлауынша, оқиға Текес ауылының маңында болған. Қар барысы өрісте жүрген мал арасынан табылған. Жергілікті малшы 19 сәуір күні малын өріске жайып жүргенде қар барысына кезіккенін Райымбек аудандық полиция бөліміне хабарлайды. Барыс табылған жерге орманшылар мен табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері жетеді. Ветеринар мамандар аңды тексереді. Әбден әлсіреген жыртқышты Алматы хайуанаттар бағына жеткізді. Оның жағдайы зоология институты мамандарының қадағалауында.