«МАЭК» ЖШС қызметкерлері бейнеүндеудегі ақпаратты жоққа шығарды

Кәсіпорын қызметкерлері үндеуде жария етілген кей ақпарат шындыққа мүлдем жанаспайтынын мәлімдеді.

Бейнеүндеуде жөндеу жұмыстарын тиісті деңгейде жүргізуге қатысты теріс ақпарат келтірілді.

Сондай-ақ жөндеу зауыты қызметкерлерінің кәсіби біліктілігі сынға ілігіп, дәйексіз ақпаратқа жол берілді. Комбинат әкімшілігі облыс әкімдігімен бірлесіп, комбинат жұмысын қаржыландыру және қолдау мақсатында жүйелі жоспар негізінде бірқатар іс-шараларды жүзеге асырады. Әлеуметтік желілерде тараған жалған ақпарат ел арасында дүрбелең туғызып, мекеме жұмысына кері әсерін тигізеді, - деді «МАЭК» ЖШС жөндеу зауыты бас инженерінің орынбасары Қалижан Қабдулов. Бүгінгі таңда «МАЭК» ЖШС мекемесінде 3627 адам еңбек етеді.