Атырауда браконьерлерден екі тонна балық тәркіленді

«Бекіре-2023» акциясы басталған 20 күннің ішінде «Жайық-Каспий» облысаралық бассейндік инспекциясының қызметкерлері браконьерлік жолмен ауланған 2 тоннадан астам балық тәркіледі.

Оның 400 келісі бағалы бекіре тұқымдас балық. Естеріңізіге сала кетсек, 1 сәуір мен 31 мамыр аралығында Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстары аумағында балық қорын қорғау мақсатында өңірдегі барлық құқық қорғау органдары жұмылдырылған арнайы акция басталған болатын. Рейдтік шара барысында браконьерлерден 368 ау-құралы мен 30 су көлігі және 9 автокөлік тәркіленді.

Азиз Нұралиев, «Жайық-Каспий» облысаралық бассейндік инспекциясының бөлім басшысы:

- Оның алғашқы үш аптасында 337 құқық бұзушылық тіркеліп, 149 тұлғаға 4,3 млн теңге айыппұл салынды. 16 материал бойынша қылмыстық іс қозғалды. Заңсыз айналымнан 2 тонна 278 келі балық, оның 484 келісі бекіре тұқымдас алынды. Сондай-ақ Атырау және Орал қаласы тұрғындарынан нан 28 келі қара уылдырық тәркіленді.