Ақмола облысында «WorldSkills» өңірлік кәсіби шеберлік чемпионаты өтіп жатыр

Ақмола облысында «WorldSkills» өңірлік кәсіби шеберлік чемпионаты өтіп жатыр.

Білімгерлер сайысы аймақтағы он колледждің базасында ұйымдастырылған. Чемпионат барысында әр өңірден жиналған 300-ден астам студент өз жобаларын қорғап шығуы тиіс. Байқау қорытындысы ай соңында жарияланады.

Ақмола облысында «WorldSkills» өңірлік кәсіби шеберлік чемпионаты өтіп жатыр. Білімгерлер сайысы аймақтағы он колледждің базасында ұйымдастырылған. Чемпионат барысында әр өңірден жиналған 300-ден астам студент өз жобаларын қорғап шығуы тиіс. Байқау қорытындысы ай соңында жарияланады.

Ярослава Аниканова осындай ірі чемпионатқа алғаш рет қатысып отыр. Ол осы байқауға өзінің 3Д моделінде жасалған жарналық сөре жобасын ұсынған. Ал жобаның құрылысы мен үлгісі студенттің қиялынан туған. Айталық, Ярослава осы додада Ақмола облысының намысын қорғайды. 

Ярослава Аниканова, чемпионатқа қатысушы:

- Көп адамдар сауда үйлерінде бірінші кезекте сөрелерге мән береді. Бұл өз кезегіде тұтунышыларды тартуға да септігін тигізеді. Сондықтан менің жобам сұранысқа ие болады деген сенімдемін. Материалға көп қаржы кеткен жоқ. Бар күшіңді салсаң жобаны 2-3 күнде аяқтауға болады.

Чемпионатқа қатысушылар 58 құзыреттілік бойынша бақ сынап жатыр. Оның ішінде «Ақпараттық желілер», «Құрылыс технологиясы», «Өнер және дизайн» бағыттарына басымдық берілген. Сондай-ақ, биыл алғаш рет «Ақпараттық моделдеу технологиясы» мен «сәндік киімдер дизайны» сынды құзыреттіліктер де қосылыпты. Ал жас талапкерлердің жұмысын арнайы жасақталған сарапшылар бағалайды. 

Ринат Гасимов, «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамының бас менеджері:

- Ақмола облысы 2019 жылдан бері республика бойынша үздік үштіктің қатарында келеді. Жыл сайын көптеген құзыреттілік бойынша жүлделі орындар алады. Жалпы республикалық чемпионат 30 құзыреттілік бойынша өтуде. Соның барлығында ақмолалық студенттердің үлесі басым. Сондай-ақ, техникалық бағытта білім беретін колледждердің «Жас маман» жобасы аясында техникалық базасы нығайтылды.

Байқау қорытындысы 28-ші сәуірде өтетін шараның жабылу кешінде жарияланады. Ал жеңімпаздар ақшалай сертификаттармен марапатталады. Өңірлік сайыста топ жарған ақмолалық студенттер ұлттық байқауда облыс намысын қорғайды. 

Авторлары: Абзал Азаматұлы, Виктор Полянный