Ұлытау облысында бір күнде 135 мың түп ағаш егілді

Экологиялық акцияға 2 мыңнан астам адам қатысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ерекше қорғалатын 240 гектар аумаққа Ақмола облысынан арнайы жеткізілген терек пен үйеңкі көшеттері отырғызылды. Бұл ағаштар өңірдің ауа райына бейімделген әрі төзімді келеді, - дейді мамандар.

2025 жылға дейін Жаңаарқа даласына 18 млн-нан астам ағаш көшеттері егілетін болады. Ағаштарды күтіп-баптаптауға да ерекше көңіл бөлінеді. 

Қуат Имантүсіпов, облыстық Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы:

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы 5 жылда орман қорына 2 млрд ағаш егуді тапсырған болатын. Осы негізде Қараағаш орман шаруашылығы ағаш егу жұмыстарымен айналысып жатыр. Жалпы, біздің атқарған жұмысымызға мемлекеттік бюджеттен 367 млн теңге қаржы бөлінді.