Елімізде Жеңіс күніне арналған әскери шеру өткізілмейді

Енді елімізде Жеңіс күніне арналған әскери шеру өткізілмейді. Бұл жайлы Қорғаныс министрлігінің өкілі Дәурен Абдуллин айтты.

Есесіне шеруге арналған ақша қазақстандық армияны дайындауға жұмсалады. Әскерилердің жағдайын дұрыстауға бағытталады, - дейді жауаптылар. Жыл сайын бюджеттен мерекелік шеру өткізуге 4 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалатын еді. Министрлік осылайша аталған қаржыны үнемдеуді мақсат етіп отыр.

Дәурен Абдуллин, ҚР ҚК Бас штабы Жедел жоспарлау департаменті бастығының орынбасары:

- Қорғаныс министрлігі жұмсалатын қаржыны үнемдеу мақсатында осындай шешімге келді. Ол қаражат әскердің дайындығын көтеру үшін жұмсалады. Бірақ бұл мереке күні ешқандай шара өткізілмейді дегенді білдірмейді. Ардагерлерді ұлықтау жалғасы береді. Мерекеге орай ұйымдастырылған іс-шаралар өтеді.