Екібастұздағы жылу орталығына айыппұл салынды

Екібастұздың жылу-энергоорталығына айыппұл салынды. 

Зертханалық талдау барысында ауадан зиянды қалдықтардың көп мөлшері анықталған. Бұған кәсіпорындағы   қазандық агрегаттарының технологиялық талаптарға сай келмеуі себеп болып отыр. Экологтар мұны орталықта болған апатпен байланыстырады. Жуырда тексеріс жүргізіліп нәтижесінде 15-қазандық агрегаты жұмысын тоқтатқан. Алайда тұрғындар станциядан әлі де қара түтін будақтап тұрғынын айтып шағым түсірді. Енді экология департаменті орталықты тағы тексеретін болды.

Мағзұм Қоқымбаев, Павлодар облысы бойынша бас экологиялық инспектор:

- Тексеру қорытындысы бойынша  кәсіпорынға жалпы сомасы 3 миллион теңгенің 4 бірдей әкімшілік жауапкершілігі қарастырылды. Бұған қоса ЖЭО технологиялық талаптарға сәйкес келгенге дейін қазандық агрегаттарының қызметін тоқтата тұру туралы сотқа талап-арыз жолданды.