Оралда жас құтқарушылар жарысы өтіп жатыр. LIVE

Жоғары сынып оқушылары сала мамандарымен бірге төтенше жағдайлар кезінде жедел әрекет ету жаттығуларын орындайды.

Жасөспірімдер нақты қандай сайыс түрлерінен сынға түсіп жатыр?

Еркебұлан Смадияров, тілші:

– Мен дәл қазір Зачаганск кентіндегі өрт сөндіру бөлімшесінің базасында тұрмын. Кеше жасөспірімдер туризм және экология орталығында жаттықса, бүгін осы жерде қарым-қабілетін шыңдап жатыр. Сайысқа қала мектептерінен 16 команда тіркелген екен. Олар авариялық-құтқару және іздестіру жұмыстарын жүргізу, алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша шеберліктерін байқап көрмек. Қатысушылармен алдын ала пікірлесу барысында олар өз әсерімен бөліскен еді. 

Ақылжан Сансызбай, мектеп оқушысы:

- Осы жарыстардан төтенше жағдай кезінде, қандай да бір оқыс оқиға кезінде жол табу амалдарын, тәсілдерін бәрін үйрендік. Бүгін арқанға өрмелеу және судан адамды құтқару сайысы болды. Болашақта, әрине, өзімнің елді мекеніме, еліме, жақындарыма қамқорлығым тисе, үлкен құрмет!

– Ал дәл қазір міне менің артымда техногендік апат аумағынан авариялық-құтқару жұмыстары бойынша жаттығу өтіп жатыр. Сайыс барысы туралы қалалық төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы Нұрсұлтан Серіков айтып береді. Бұл сайыста жас құтқарушыларға қандай тапсырмалар берілді? Жалпы жасөспірімдердің қарым-қабілеті қалай екен?

Нұрсұлтан Серіков қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы:

– Қалада жыл басталғалы бері қанша өрт оқиғасы тіркелді? Оның көбіне қандай факторлар себеп болып жатыр?

– Әрине апат айтып келмейді. Сондықтан жасөспірімдер үшін мұндай шаралардың маңызы зор. Жарыс ертең де жалғасады. Сол күні үздіктер анықталып марапатталады.