Оған «жемқорлықты жасырғаны үшін қарамағындағы қызметкерлерден 280 млн теңге пара алды» деген айып тағылып отыр.
Күдікті сот үкімімен қамауға алынды. Операция барысын, облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті жариялады. Бейнежазбада пара берушінің де қолға түскені көрсетілген.
Айта кетейік, осыған дейін білім бөлімінің бас есепшісі 1 млрд теңгеге жуық қаражатпен қашып бара жатқанда ұсталған еді. Осы іске қатысты оның 2 орынбасары да күдікке ілінді. Қазір аталған дерек бойынша жан-жақты тергеп, тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.
