Алматыдағы конференцияда демография мәселесі талқыланды

Қазіргі заманғы демографиялық міндеттер мен ұлттық мүдде мәселесі бүгін Алматыда өткен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда талқыланды.

Ғалымдар экономика және демография саласындағы өз тәжірибелерімен және зерттеу нәтижелерімен бөлісті. Атап айтқанда, Қазақстанның демографиялық тұрақтылығы, адами ресурсты дамыту, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық және этномәдени факторлардың қала мен ауыл тіршілігіне әсері жан-жақты айтылды. Конференцияға мемлекеттік органдардың, бизнестің, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, шетелдік және отандық ғалымдар қатысты.

Әзімхан Сатыбалды, экономика институтының бас директоры, ҰҒА академигі:

- Халық санына байланысты экономика қалай дамуы керек, қай регионда, қай жерде қандай кәсіпорын ашуымыз керек, ол адам санына байланысты. Мысалы, біздің Қазақстанда 9 регион, халық саны жетіспейді, жұмыс күші жетіспейтін региондар жатысып жатыр. Кейбір региондарда жұмыс орыны жетіспейді. Үкіметке, парламентке демографиялық мәселе бойынша өз ұсыныстарымызды береміз.