Қазақстанда ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу жобасы іске қосылады

Қазақстанда ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін 2 жаңа кәсіпорын іске қосылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жамбыл облысында қытайлық компания кептірілген құрғақ көкөніс өндіретін зауыт салуды жоспарлап отыр. Инвестор жобаға 5 жыл ішінде 30 млн доллар қаржы құюды көздейді. Ал Қостанай облысында бұршақ дақылдарын өңдейтін зауытты жабдықтау жұмысы аяқталып қалды. Кәсіпорын жылына 170 мың тонна өнім шығарады. Мұнда бұршақ, жасымық, ноқат өңделетін болады. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, инвесторлар алдағы уақытта бидайды тереңдетіп өңдеуді қарастырады.