СҚО-да созылмалы жүрек жеткіліксіздігіне шалдыққандар көбейген

Солтүстік Қазақстан облысында созылмалы жүрек жеткіліксізді дертіне шалдыққан науқастардың саны артып барады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгінде өңірде 68 мыңнан астам адам, диспансерлік есепте тұрса, оның 4 жарым мыңына, осы диагноз қойылған. Дәрігерлердің айтуынша, 60 жастан асқан азаматтар арасында кездесетін індетке соңғы кездері жастар да шалдыға бастаған. Сондықтан аурудың алдын алу үшін алғаш рет елімізде апталық өтіп жатыр. Емханаларда ашық есік күні ұйымдастырылып, ақхалаттылар тұрғындарға жыл сайын медициналық тексерістен өтіп тұру керегін түсіндіруге кірісті. Ал созылмалы жүрек жеткіліксіздігіне операция тек Астана қаласында жасалады. Себебі аймақта оған қажетті қондырғылар жоқ.

Ерлан Ертай, дәрігер кардиолог:

- Бұл – көбінесе жүректің ишимиялық ауруы, қант деабеті клапандық аурулардың салдарынан туындайтын ауру. Біз, ең алдымен, жүрек тамырларын қараймыз. Жүрек тамырларын қарағаннан кейін республикалық кардиологиялық орталықтарға жібереміз. Бізде ол операциялар әлі жасалмайды. Бұл техникаға байлаынысты.