Алматыдағы «Мейірім мекені» Наурыз мерекесін атап өтті

Алматыда көпбалалы аналар мен әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар тұратын «Мейірім мекенінде» бүгін үлкен қуаныш.

Тұрғындар мамыражай мамыр айында ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесін атап өтуді дәстүрге айналдырған. Екі жыл бұрын қиын жағдайға тап болған отбасылар қазір еңсе тіктеп, тәрбилеп отырған ұл-қыздары спортта және білімде үлкен жетістіктерге жете бастады. Тарыққандарға тығырықтан шығатын жол көрсетіп, қамыққандардың қасынан табылатын қайырымды жандар бүгін сол жас өрендерді марапаттап сыйлықтар үлестірді. «Мейірім мекенінің» тұрғындары бір-бірімен тонның ішкі бауындай болып кеткен. «Жыл басынан бері әртүрлі мерекені ұйымдастырудағы мақсатымыз, сол өсіп келе жатқан балалардың ауызбіршілігін арттырып, отбасылардың татулығын сақтау дейді», - әлеуметтік жобаны жүзеге асырушылар.

Қайрат Реимов, "Мейірім мекені" жобасының жетекшісі:

- Көктем келіп жатыр. Біздің де «Мейірім мекеніне» жаңа тұрғындар келіп жатыр. Өзгерістер көп. Жетістіктер бар. Балалардың біразы өзінің мектеп жағында білім аул жағынан жақсы нәтижелерге қол жеткізіп жатыр. Спортшыларымыз жақсы нәтиже көрсетіп жатыр. Мақтанып айтатын нәрселер көп. Балалардың тұрғындардың жетістіктері. Сондықтан бір жағынан көктемгі Наурызымызды атап өту, екінші жағынан жаңа тұрғындарды қабылдау.