Павлодарда атты патруль жұмысқа кірісті

Ертіс өңірінде атты патруль екі есе көбейді. 

Полицейлер төтенше жағдайлар қызметімен бірлесе жұмыс істейді. Олар қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп, саяжай аумақтарында өрттің алдын алу шарасын күшейтеді. Учаскелерде 12 топтан құралған патруль екі ауысыммен жұмыс істеп жатыр. Қызметкерлер қажетті құралдармен жабдықталған. Кейінгі уақытта облыс орталығында ондаған  саяжай өртеніп кетті. Бұған адамдардың өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамауы себеп дейді мамандар.  Қазіргі таңда тәртіп сақшылары мен өрт сөндірушілер 20 саяжай кооперативін бақылауға алды. 

Жасқайрат Қайыров, облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары:

– Төтенше жағдай департаментімен бірге атты патрульдерді көбейттік. Бұрын алты нарыд болып шығатын болса, қазір олар 12 адам берген соң күнделікті 24 адам 12 наряд болып шығады. Екі-екі адамнан екі кезекке бөлінген. Олар тек ғана тәртіп, қауіпсіздікті сақтамай, өрт қауіпсіздігіне алдын алу шараларын қолданады.