Павлодарда балабақшалардың ауласына асфальт төселіп жатыр

Олардың арасында  40 жыл бойы жөндеу көрмегендері бар.

Бүлдіршіндердің ойдым - ойдым шұңқырларға құлап жарақат алған жағдайлары да кездескен. Ата -аналардың шағымы  шенеуніктердің құлағына енді жеткен сыңайлы. Биыл алғаш рет жол төсемдерін ауыстыруға 300 миллион теңгеден астам  қаржы бөлінді. Енді 30 мектепке дейінгі мекеменің айналасы асфальтталады. 

Сандуғаш Елеусізова, № 102 Бөбекжай бақшасының басшысы:

- Қырық жыл ішінде бірінші рет жөндеу жүргізіліп жатыр. Ауламыздағы асфальт жолдардың 90 пайызы тозып кеткен. Әсіресе жазғы сауықтыру маусымында барлық ойын түріндегі оқу-жаттығулар таза ауада өтеді. Біз үшін балалардың қауіпсіздігі маңызды. Енді іс-шараларды жаңа асфальт  үстінде өткізетін болдық. Қуанышымызда шек жоқ.

Диана Бексейітова, мердігер ұйымның жетекшісі:

- Жолдың үстіңгі қабаты толығымен алынып, қайтадан төселеді. Бұл сәбилердің қауіпсіздігі үшін жасалып жатқан жұмыстар. Олар ұйықтайтын кезде жұмысты тоқтата тұрамыз. Бір балабақшаны жөндеуге бір апта кетеді.