Қарағанды тарихи-өлкетану мұражайы «Музей түнін» өткізеді. LIVE

Бүгін халықаралық Музей күні.

Осыған орай Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайы «Музей түнін» өткізеді. Яғни, мұнда түн жарымына дейін түрлі зияткерлік ойындар, шеберлік сабақтары, жәрмеңке, тағы басқа да қызықты дүниелер ұйымдастырылады.

Әйгілі «Қоянды жәрмеңкесі» жайлы театрландырылған көріністі де осында тамашалауға болады.

Музей түні Қарағандыдағы тарихи-өлкетану мұражайында осымен 20 жыл қатарынан өткізіліп отыр. Әр жыл сайын мұнда көптеген қызықты шаралар ұйымдастырылып келеді. Биылғы түн де тосын сыйларға толы болмақ. Қазір студенттер мен оқушылар жиналып жатыр. Арасында ересек адамдар да бар.

«Музей түні» сағат 12-ге дейін жалғасады. Жалпы бұл шара музейдегі рухани байлықты елге көрсетіп, насихаттау мақсатында ұйымдастырылған. Қазір музей қорында 153 мыңнан астам жәдігер бар. Мұнда сонау мамонттың тұмсық мүйізінен бастап, барлық дәуірге тиесілі құнды дүниелер сақталған. Келушілер бүгін сол жәдігерлердің барлығын тамашалап, жақынырақ таныса алады.