ШҚО-да ТЖД табиғи өрттердің алдын алу шараларын жүргізуде

Күн жылысымен өрт қаупі артады.

Осыған байланысты, Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдай департаменті табиғи өрттердің алдын алу шараларын жүргізуде. 300-ге жуық адамнан арнайы 46 мобильді топ құрылды. Олар орман аймағында, жұмыс жасап жатыр. Уақытылы профилактика мен 130-дан астам рейдтің арқасында, 22 құқық бұзушы, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жедел мобильді топ көбіне төтенше жағдайдың алдын алуға әрекет етеді. Азаматтарға қауіпсіздік ережелері және өрттің салдары үшін жауапкершілік туралы нұсқау, егжей-тегжейлі түсіндіріліп отырады.

Нұржан Өміржанов, ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы:

- Біз шығыс Қазақстан облысының төтенше жағдай департаменті жазғы өрт қауіпті кезеңде, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға сұраймыз. Орман алқабында өрт жағуға тыйым салынғаны туралы естеріңізге салады. Егер де өртті анықтаған кезде, міндетті түрде тез арада оны сөндіру керек. Егер де шамаңыз жетпей жатса, міндетті түрде 101 және 112 телефондарына хабар беріңіздер.