Батыс Қазақстанда 150 бас киіктің өлексесі табылды

Жануарлардың ұшалары кеше кешкісін Жәнібек ауданы Ащыөзек өзенінің жағасынан анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның 95%-і – төлі, 5%-і – аналықтары. Ақбөкендердің неден қырылғаны әзірге белгісіз. Қазір арнайы мамандар топырақтан сынама алып, зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.