Қарағандыда «Халық заңгері» іс-шарасы өтті

«Халық заңгері» жалпыреспубликалық іс-шарасы Қарағанды қаласында да өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мақсат – тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңдық тұрғыда тегін көмек көрсету. Бұл күні түрлі жағдайға түскен мұқтаж жандарға кәсіби мамандар жан-жақты кеңес берді. Белгілі адвокаттар, нотариустар, прокурорлар ірі сауда үйінде халықты жаппай қабылдады.

Бұл іс-шара дәстүрлі түрде 8-ші жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр. Осы аралықта 7 мың маман қатысып, 150 мың адам құқықтық көмек алған.

Арслан Мыңғышев, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаментінің басқарма басшысының орынбасары:

- Халықтар, азаматтар әртүрлі сұрақтармен жолығады. Ол жер саласы, денсаулық саласы, жұмысқа тұру мәселесі бойынша, ажырасу мәселесі бойынша өте үлкен көптеген мәселелер туындайды. Кез келген мәселені мемлекеттік органға, тиісті салаға барып, арыз жазып, әрі қарай жауап ала алады. Бұдан басқа, адвокаттар да тегін түрде түрлі дауларды шешуге өз септігін тигізеді.